12:08 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Қазақстаннан қатысушы жарақаттанып қалды

Қазақстандық дүниежүзілік көшпенділер ойынында жарақаттанып қалды

© Sputnik /
Спорт
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Чолпон-Атада (Қырғызстан) II Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Қазақстаннан қатысушы жарақаттанып қалды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

АСТАНА,  Sputnik. Чолпон-Атада (Қырғызстан) II Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Қазақстаннан қатысушы жарақаттанып қалды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Финалдық матч бейсенбіде, 8 қыркүйекте Қазақстан және Қырғызстан командаларының арасында болды.

Қазақстандық команданың мүшесі 31 жасар Әбу Әбдіжапаров матчтың екінші минутынан кейін қарсыласымен соқтығысып, жерге құлап түсті. Оны ең аз дегенде бір аттың басып кеткені көрініп тұрды.

"Спортшының бас сүйегі ішінен және мойын омыртқасы аздап зақымданған. Қазір аурудың жағдайы бірқалыпты. Оған қажетті көмек көрсетілуде", — деп хабарлады Чолпон-Ата қалалық аумақтық ауруханасының директоры Альмира Алдашева.

Финалдық ойында Қырғызстан құрамасы 15:3 есебімен жеңіске жетті. Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қырғызстанда 3-8 қыркүйекте өтті.



Басты тақырыптар