Спорт

Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында Қазақстан үшінші орын алды

© SputnikБүкіләлемдік көшпенділер ойындары
Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Ыстықкөл жағасында 3-8 қыркүйекте 62 елің спортшылары қатысқан ІІ Бүкіләлемдік көшпелілер ойындары өтті. Ойындар бағдарламасына ұлттық спорттың 25 түрі кірді.

АСТАНА, 9 қыр —  Sputnik. Жұма күні Ыстықкөл жағасында аяқталған көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарында Қырғызстан құрамасы медальдар саны бойынша көш бастап, жеңімпаз болды, бұл туралы РИА Новости агенттігіне республиканың жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік органының өкілі хабарлады.

Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Ыстықкөл жағасында 3-8 қыркүйекте 62 елің спортшылары қатысқан ІІ Бүкіләлемдік көшпелілер ойындары өтті. Ойындар бағдарламасына ұлттық спорттың 25 түрі кірді.

"Медаль саны бойынша бірінші орынды Қырғызстан құрамасы алды. Оларда барлығы 79 медаль, оның 25-і алтын. Екінші орынға 15 алтын медаль алған Түркіменстан ие болды. Ал Қазақстан 12 алтын медаль ұтып алып, үшінші орын иеленді", — деді агенттікпен әңгімелесуші.

РФ-ның 12 өңірінен атлеттер кірген Ресей командасы 4-ші орын алса, одан кейінгі орындарға Әзербайжан мен Иран жайғасты. Спорттың әр түрі бойынша медальды 30 елдің спортшылары иеленді.

Мемлекеттік агенттік директоры Қанат Аманқұловтың айтуынша, Көшпенділердің Бүкіләлемдік ойындарында әлемнің 62 мемлекетінен 1 мың спортшы қатысқан. Оларға жергілікті төрешілермен бірге 60-тан аса шетелдік төрешілер қызмет көрсетті.

Жаңалықтар
0