07:50 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Зульфия Габидуллина стала паралимпийской чемпионкой

Назарбаев Ғабидуллинаны Риода Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады

© REUTERS /
Спорт
Қысқа сілтеме алу
7 0 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаға Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Астана, 9 қыр – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаға Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтар атынан З.Ғабидуллинаны суға жүзу сайысында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

"Сен ел тарихында Паралимпиада ойындарындағы тұңғыш медальға қол жеткізіп, халқымыздың мерейін арттырып, зор қуанышқа бөледің. Халқың сені Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен мықты спортшы ретінде таниды. 100 метрге еркін стильмен жүзуден әлем рекордын жаңартып, алтын жүлдеге қол жеткізген бүгінгі жеңісің соны тағы бір дәлелдеді. Бұл жеңісің жылдар бойғы қажырлы еңбегіңнің жемісі деп білемін", – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық тілеп, келешекте жаңа белестерді бағындыра беруіне ниеттестік білдірді.

Басты тақырыптар