Спорт

"Барыс" хоккей клубы "Автомобилистен" жеңіліп қалды

© ХК "Барыс"Барыс
Барыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді "Барыс" Шығыс конференциясында және КХЛ Чернышев Дивизионында соңғы орында.

АСТАНА, 15 қыр — Sputnik. "Барыс" хоккей клубы сәрсенбі күні Континенталды Хоккей Лигасының тұрақты маусым ойынында Екатеринбургтік "Автомобилисттен" буллит бойынша  — 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Тафгай Барыса побил игроков Куньлунь. Кадры драки - Sputnik Қазақстан
"Барыс" тафгайы "Куньлунь" ойыншыларын ұрып тастады
Есепті бірінші кезеңде алаң иелерінің ойыншысы Коукал басымдылық кезінде ашты, екінші жиырма минуттықта Тимашов "Автомобилистке" екінші шайбаны сыйлады, ал соңғы үшінші кезеңде Боченски мен Лобанов ойынды овертаймға шығарды.

Қосымша берілген уақыт жеңімпазды анықтамады. Ал буллит бойынша соңғы нүктені Моня қойды.

Нәтижесінде "Барыс" 1 ұпайға ие болып, 4 баллмен Шығыс конференциясында және  КХЛ Чернышев Дивизионында соңғы орынға түсті.  Келесі ойын Астана қаласында 16 қыркүйек күні ойнатылады.

Қазақстандық клуб осы жолы санкт-петербургтік СКА командасына қарсы ойнайды. Континенталдық хоккей лигасы (КХЛ)  — ресейлік Суперлига негізінде құралған, клубтық хоккей жарысы. Бұл жарысқа Ресейдің 22 клубы және Қазақстан, Белоруссия, Латвия, Словакия, Финляндия, Қытай және Хорватия елдерінің бір-бір клубы қатысады. КХЛ Ұлттық хоккей лигасына қарсы құрылған. ҰХЛ-ға жыл сайын ең үздік еуропалық хоккейшілерді жинап алған канадалық және американдық хоккей клубтары қатысады.

Жаңалықтар
0