Спорт

Қазақстан құрамасы футзал бойынша ӘЧ-де Коста-Рика құрамасын жеңді

© Photo : Федерация футбола КазахстанаСборная Казахстана по футзалу
Сборная Казахстана по футзалу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19 қыркүйекте Астана уақыты бойынша түнгі үш сағатта Қазақстан мен Соломон аралдары қорытынды матч өткізеді.

АСТАНА, 16 қыр —Sputnik.Футзал (шағын футбол) бойынша Қазақстан құрамасы жұмада Астана уақыты бойынша таңертең Колумбияда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының екінші матчында Коста-Рика құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасынан бірінші таймда ойынның алғашқы минутында Дуглас гол салды, ойынның 15-й минутында Алехандро Паньягуа есепті теңестірді, алайда бір минут өткен соң  Павел Таку ҚР құрамасын тағы алға алып шықты. Екінші жиырма минуттық басталған сәтте  Лео Қазақстан құрамасына үшінші гол әкелді, мачтың соңына дейін қарсыластар басқа гол соқпады.

Бірінші турда Қазақстан құрамасы аргентиналықтарға 0:1 есебімен жеңіліп қалды, жұмада Аргентина құрамасы Соломон аралдары құрамасын 7:3 есебімен ойсырата жеңді. Сөйтіп, аргентиналықтар екі турдан кейін алты ұпаймен кестені бастап келеді, Қазақстан және Коста-Рика құрамаларында  – үш балдан, кестені Соломон аралдары құрамасы тұйықтайды. 19 қыркүйекте Астана уақыты бойынша түнгі үш сағатта Қазақстан мен Соломон аралдары қорытынды матч өткізеді.

Жаңалықтар
0