Спорт

Петр Воликов: Аршавинді бейсенбі күні "Астана" алаңында күтемін

© Photo : соцсетиҚазақстандық блогер Петр Воликов
Қазақстандық блогер Петр Воликов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық журналист Петр Воликов "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавинді кездесуге шақырды. Журналист бәстен ұтылғаны үшін шашын алдыратын болды.

АСТАНА, 5 қаз – Sputnik. Қазақстандық журналист Петр Воликов "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавинді кездесуге шақырды. Журналист бәстен ұтылғаны үшін шашын алдыратын болды.

Маусым басталар алдында Воликов егер Аршавин "Қайрат" сапында сегіз гол салса онда ол шашын тақырлап алдырып тастаймын мәлімдеген.

25 қыркүйекте өткен Қазақстан чемпионатының 28-ші турында Аршавин біріншіліктегі 8-ші голын салды. Осы оқиғадан кейін футболшының журналистке жолдаған видеосәлемі "Қайраттың"  YouTube-тегі арнасында пайда болды. Онда спортшы бәстен ұтылған журналистің шашын алу үшін оған кездесу орны мен уақытын белгілеуді ұсынды.

"Андрей сәлеметсіз бе! Қазақстан чемпионатында сегіз гол салуға қатысты сыни пікір білдірген мен едім. Өз сөзіме жауап беріп, әрі басымды да сізгі сеніп тапсыруға дайынмын. Кездесуді 6 қазан бейсенбі күні Астана алаңында Әлия мен Мәншүк ескерткіштері алдында сағат 14:00-ге белгілеймін. Асыға күтемін", — деді Воликов. сейсенбі күні кешке YouTube арнасында жарияланған бейне сәлемдемеде.

Жаңалықтар
0