Спорт

Қазақстан футзал бойынша ТОП-10 құрамалар қатарына енді

© Photo : Минкультуры и спорта Казахстанафутзалдан қазақстандық команда
футзалдан қазақстандық команда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
5 қазандағы жағдай бойынша қазақстандық команда алты қатарға көтеріліп, тоғызыншы орынға тұрақтанды

АСТАНА, 5 қаз – Sputnik. Қазақстанның футзал (шағын футбол) бойынша құрамасы спорттың осы түрі бойынша әлем чемпионатынан кейін жаңартылған рейтингінің үздік ондығына енді.

5 қазандағы жағдай бойынша Колумбияда өткен әлемдік біріншіліктің плей-офф қатысушыларының қатарына енген қазақстандық команда алты қатарға көтеріліп, тоғызыншы орынға тұрақтанды, деп ақпараттандырады Sports.kz  Futsalworldranking.be сайты.

Колумбияда өткен әлем біріншілігінде Қазақстанның футзалдан құрамасы плей-оффқа шығып, 1/8 финалда Испаниядан 2:5 есебімен ұтылды.

Рейтинг басында – әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилия тұр, одан кейін — Испания және Ресей бар. Сонымен бірге, үздік ондыққа Аргентина, Италия, Иран, Португалия, Украина және Әзербайжан кірген.

Жаңалықтар
0