Спорт

Қазақстандық ватерполистер Азия жағажай ойындарында "алтын" жеңіп алды

© Sputnik / Анатолий Устиненко су полосы
су полосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Су полосы бойынша Қазақстандық ерлер құрамасы Вьетнамда өткен Азия жағажай ойындарында бірінші орын иеленді.

АСТАНА, 5 қаз — Sputnik. Су полосы бойынша Қазақстандық ерлер құрамасы Вьетнамда өткен Азия жағажай ойындарында бірінші орын иеленді. 

Турнирдің шешуші матчында қазақстандықтар Гонконг құрамасын 19:3 есебімен ойсырата жеңді. Жартылай финалда Индонезия құрамасын 15:5 есебімен ұтты. Топтық кезеңде қазақстандық ватерполдық жасақ әр мачта Ауғанстан (14:2) және Қытайды (13:2), Тайландты (16:2) жеңді.

Алтын медаль иегерлерінің жетілігіне қазақстандықтар Валерий Шлемов, Рустам Укуманов, Максим Жардан, Алтай Алтаев, Мирас Әубәкіров, Евгений Медведев және Роман Пилипенко кірді.


Жаңалықтар
0