08:32 21 Шілде 2017
Тікелей эфир
Хоккей

"Барыс" ҚХЛ-дың жүйелі маусымында "Ақбарыстан" жеңілді

© Sputnik / Виталий Белоусов
Спорт
Қысқа сілтеме алу
9 0 0

"Барыс" хоккей клубы сәрсенбіде Құрлықтық хоккей лигасының жүйелі маусымының матчында қазандық "Ақ Барыстан" 0:4 есебімен ойсырата жеңілді.

АСТАНА, 6 қаз – Sputnik. "Барыс" хоккей клубы сәрсенбіде Құрлықтық хоккей лигасының жүйелі маусымының матчында қазандық "Ақ Барыстан" 0:4 есебімен ойсырата жеңілді. 

Мачтағы есепті қонақтар алғашқы кезеңде ашып, 14-ші минутта Токранов ерекшеленді. Екінші жиырма минутта Мусин басымдылық танытты. Мачтың қорытынды үшінші кезеңінде Глинкин екі рет мұз қожайындарын жерге қаратты. 

"Барыстың" бас бапкері Эдуард Занковец ойыннан кейін пікір білдіріп, мұз қожайындарының гол салу сәттерін жүзеге асырудағы жіберген кемшіліктерін атады. "Екі команда да жасаған сәттер саны бойынша көрермендер үшін ойын қызықты болған шығар. Өкінішке орай, бізде болған сәттерді жүзеге асыра алмадық. Қарсылас бүкіл матч бойы сенімді, ширақ ойнады. Сондықтан олар жеңіске лайық", — деп мойындады Занковец. 


Басты тақырыптар