Спорт

"Астана" БК – УНИКС: жеңіске деген жігер жетіспеді

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуБаскетбол
Баскетбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның "Астана" баскетбол клубы сәрсенбі күні ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионатының үйдегі матчында қазандық УНИКС командасынан 68:84 есебімен ұтылды.

АСТАНА, 6 қаз — Sputnik. Қазақстанның "Астана" баскетбол клубы сәрсенбі күні ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионатының үйдегі матчында қазандық УНИКС командасынан 68:84 есебімен ұтылды. 

Маусым басталар алдында "Астананың" жаңа құрамын таныстыру кезінде қазақстандық клубтың бас менеджері Валерий Тихоненко ВТБ Бірыңғай Лигасының кезекті жарысында үйдегі алғашқы үш матч "сәтсіз" болуы мүмкін деген болатын. Өйткені астаналықтар Лигадағы ең мықты командалар – қазандық УНИКС және мәскеулік ЦСКА командаларымен кездесетін еді.

"Біз үнемі жеңіске ұмтыламыз, жеңілсек те, жақсы ойын көрсетуге тырысамыз", — деді Тихоненко сол кезде. "Астана" лига фаворитін жеңе алмады, бірақ жеңілсе де жақсы ойын көрсеткенін қазандықтардың бас бапкері Евгений Пашутин мойындады.

"Бұл жылы "Астана" белсенді ойын көрсетуде, жеңістен қолдан бермеуге тырысатындары көрініп тұр", — деді ресейлік маман матчтан кейінгі сұхбатында. – Қарсыластарымыз әр түрлі әдіспен қарсылық көрсетеді, белсенді прессингті қолданатынын байқаймыз. Бастапқы екі ширекте соған үйренуге тырыстық, ал үшінші ширекте жеңіске жетудің жолын таптық, қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойын өрнегін көрсеттік", — дейді ол.

Хоккей - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Барыс" ҚХЛ-дың жүйелі маусымында "Ақбарыстан" жеңілді

Матчтың бірінші ширегінде алаң иелері 16:26 есебімен ойсырай ұтылса, екінші ширекте есепті теңестірді – 19:19, ал үшіншісінде есеп айрымашылығы 18 ұпайға дейін жетті – 22:14. Тек соңғы төртінші ширекте (19:17) ғана "Астана" командасы бұл айырмашылықты сәл де болса қысқарта алды.

ВТБ Бірыңғай Лигасы – халықаралық баскетбол жарысы, 2008 жылдан бері Шығыс Еуропаның мықты клубтары арасында өткізіліп келеді. 


Жаңалықтар
0