04:31 25 Шілде 2017
Тікелей эфир
Астаналық каратэшілер Үндістанда сәтті өнер көрсетті

Астаналық каратэшілер Үндістанда сәтті өнер көрсетті

© Foto: официальный сайт Астаны
Спорт
Қысқа сілтеме алу
9 0 0

Мумбаи (Үндістан) қаласында каратэ-до шотоканнан XVIII әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

АСТАНА, 6 қаз — Sputnik. Мумбаи (Үндістан) қаласында каратэ-до шотоканнан XVIII әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарланады елорданың ресми сайтында.  Оған әлемнің 10 мемлекетінен 1500 астам спортшы қатысты. Жарыста 17 атлет Қазақстанның намысын қорғады, соның ішінде көбі астаналық каратэші. Отандық құрама 22 алтын, 1 күміс және 2 қола еншіледі.  

Үш күндік жарыс барысында каратэшілер 4 бағдарламада өнер көрсетті, спортшыларымыз бірнеше медальдан алды. Жарыс барлық жас санатында өтті.

— Біз үшін бұл жақсы нәтиже. Енді балалар Астана біріншілігіне, ҚР чемпионатына және қараша айында Индонезияда өтетін Азия чемпионатына дайындалады, — деді Астана қаласының каратэ-до WKF және дәстүрлі жекпе-жек өнері Федерациясының президенті, каратэ-додан аға жаттықтырушы Мейрамгүл Дукуева.

Оның айтуынша, биыл Рио-де-Жанейрода 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысатын жаңа бес спорт түрі бекітілді, оның ішінде каратэ-до да бар.

— Бұған көп уақыт кетті. Осы спорттың барлық бағыттарының ішінде олимпиадалық бағдарламаға каратэ-до енді. Алдымызға үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Жаттығулар санын арттыру үшін каратэ-до мектебін, жаңа спорт залдарын ашу жоспарда бар, — деді Мейрамгүл Дукуева.


Басты тақырыптар