04:16 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Астана футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов

Стойлов: мен "Астанадан" кетпеймін

© Foto: Официальный аккаунт ФК "Астана" в Instagram
Спорт
Қысқа сілтеме алу
9 0 0

2015 жылдың аяғында Станимир Стойлов "Астана" клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

Астана, 7 қаз – Sputnik.  "Астана" футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов Болгариядағы ең мықты клуб "Левскимен" алдын ала келісімшарт жасасқандығы туралы инсайдерлік ақпаратты бейсенбі күні жоққа шығарды.

Стойловтың "Левскиге" қайта оралғандығы туралы бейсенбі күні Sportal.bg сайты хабарлаған болатын. Кейін Болгариядағы басқа да БАҚ осы сайтқа сілтеме көрсетіп, болгариялық маманның София клубымен алдын ала келісімшарт жасасқанын жаза бастаған.

"Бұл ақпарат – өтірік. "Астана" клубымен жасалған келісімшартым бар. Бар ойым, командамды чемпион атандыру", — дейді болгариялық маман Sport.kz сайтында.

Станимир Стойлов "Левски" клубында тәрбиеленіп, софиялық клубтың сапында төрт рет Болгария чемпионатын жеңген. Бапкер болғаннан кейін, 1990-1992, 1994-1996 және 1998-2008 жылдары  "Левски" клубына жетекшілік еткен болатын.

"Астана" клубын 2014 жылдан басқарған бапкер, өз қызметінің алғашқы жылында Қазақстан премьер-лигасының алтын медаліне қол жеткізген. 2015 жылы болгариялық маман елордалық клубты тағы бір мәрте чемпион атандырды. Сонымен қатар команданы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өткізіп, дүйім жұртты таң қалдырған еді.

Осы маусымда "Астана" қалған матчтардың бірінде жеңіске жетсе, үшінші мәрте ҚПЛ чемпионы атанбақ. Сондай-ақ елордалық команда биылғы жылы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойын көрсетеді.

Өткен жылдың аяғында катарлық және қытайлық клубтар тарапынан ұсыныстар түссе де, Станимир Стойлов "Астана" клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.


Басты тақырыптар