08:31 21 Шілде 2017
Тікелей эфир
Ярослава Шведова

Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

Спорт
Қысқа сілтеме алу
18 0 0

WTA жеке разряд рейтингісінде Шведовадан кейін қазақстандық теннисшілер арасында Путинцева мен Дияс келе жатыр.

Астана, 10 қаз – Sputnik. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова дүйсенбі күні Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) бойынша жеке разряд рейтингінде алғашқы жүздіктің  32-орнына көтерілді, сөйтіп бұл рейтингте отандасы Юлия Путинцевадан озып кетті.

Шведова бір апта бұрын алған 39-орыннан 32-орынға көтерілді. Путинцева бір саты төмен түсіп, 33-орыннан 34-ші орынға жылжыды. Екінші жүздікте Зарина Дияс 145-орынды иеленіп отыр. Төртінші жүздікте Камила Керимбаева 322-орыннан 324-орынға түсс, Галина Воскобоева бес сатыға төмендеп, 376-шы болды. Жеке разряд рейтингінде бірінші орында неміс теннисшісі Ангелик Кербер, екінші орында америкалық Серена Уильямс, үшінші орында – польшалық Агнешка Радьваньска.

Жұптық разряд рейтингінде Шведова 11-орыннан 13-орынға түсті. Воскобоева екінші жүздікте 171-шіден 169-орынға көтерілді. Путинцева төртінші жүздікте 331-орыннан 333 орынға төмендесе, Камила Керимбаева 352-ден 354-ке, Дияс 353-тен 355-ке түсіп қалды.Әйелдер жұптық разряды бойынша рейтингтің басында үнді қызы Сания Мирза тұрса, екінші орынды – швейцариялық Мартина Хингис, үшінші орынды француз Кристина Младенович иеленді. 

Басты тақырыптар