Спорт

Құрама Смақовты қошеметпен шығарып салды

© Photo : Федерация футбола КазахстанаСамат Смақов соңғы рет Қазақстан құрамасы сапында ойнады
Самат Смақов соңғы рет Қазақстан құрамасы сапында ойнады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Самат Смақов ұлттық команда сапындағы карьерасын тәмамдады. Футболшы ұлттық құрама қатарында 75 ойынға қатысқан.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik.   Футболдан Қазақстан құрама командасының жартылай қорғаушысы 37 жасар Самат Смақов ұлттық команда сапындағы карьерасын тәмамдады. Ойыншы 11 қазан күні Румыния құрамасымен болған матчта соңғы рет өнер көрсетті.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Байсуфинов: біз Румынияны жеңуге тиіс болатынбыз

11 қазан күні Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Румыния командасын ұта алмады. Е тобының кездесуі 0:0 есебімен аяқталды.

Смақов бұл ойында капитан белгісін тағып шыққан еді. Ол титулы ең көп қазақстандық футболшы және құрама сапында ойнаған матчтар саны бойынша рекордтық көрсеткішке ие. Футболшы ұлттық құрама қатарында 75 ойынға қатысқан. 

Клубтық деңгейде Смақов "Ордабасы" құрамында ойнайды.   


Жаңалықтар
0