Спорт

Боксшы Тайсон Фьюри WBO және WBA чемпиондық белдіктерінен бас тартты

© REUTERS / Lee SmithТайсон Фьюри Владимир Кличконы жеңді
Тайсон Фьюри Владимир Кличконы жеңді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшы денсаулығын түзетуге әрі нашақорлықтан айығуға бет бұрмақшы.

АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Ауыр салмақта өнер көрсететін британдық боксшы Тайсон Фьюри емделу үшін WBO және WBA чемпиондық белдіктерінен бас тартты деп хабарлады Р-Спорт Би-би-си сілтемесімен.

2015 жылы 28 қарашада Дюссельдорфта өткен соңғы жекпе-жегінде Фьюри Владимир Кличконы ұтып, IBF, IBO, WBO және WBA бойынша әлем чемпионы титулдарын жеңген болатын. Кейін британдық IBF титулынан айырылып қалды. Бастапқыда Кличкоға қарсы қарымта жекпе-жек 9 шілде күні Манчестерде өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ маусым аяғында Фьюридің жарақатынан кейін 29 қазанға шегерілді. Қыркүйекте британдық боксшы "медициналық көрсетуге байланысты жекпе-жекке жарамсыз" деген себеппен қарымта қақтығысты тағы да кейінге қалдырды. 

Қыркүйектің соңы, қазанның басында екі допинг тексеру нәтижесінде Фьюридің кокаин қолданғаны дәлелденген. Соның кесірінен  Фьюридің барлық титулдары тартып алынып, боксшы лицензиясы жойылуы мүмкін.    


Жаңалықтар
0