09:56 17 Қазан 2017
Тікелей эфир
Геннадий Головкин

GGG мен Джейкобс рингке 2017 жылы шығады

© AP Photo / Rich Schultz
Спорт
Қысқа сілтеме алу
9 0 0

Бұл жекпе-жек Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында 10 желтоқсан күні өткізлімекші еді. Америкалық боксшы командасының қаржы мәселесіне қатысты наразылықтарынан жекпе-жек кейінге қалдырылды.

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер сейсенбіде RingTV басылымына берген сұхбатында боксшының осы жылы шаршы алаңға шықпайтынын мәлімдеді.

Ертеректе GGG келесі жекпе-жегі америкалық боксшы Дэниел Джейкобсқа қарсы 10 желтоқсанда өтеді деп болжанған еді: WBA чемпиондық белдігінің иегері Головкин титулды сақтап қалу үшін бұл жекпе-жекке міндетті түрде шығуы тиіс.

Бірақ тараптар қаржы мәселесіне қатысты бір мәмлеге келген жоқ: WBA ережелеріне сәйкес бұл жекпе-жектен түскен кіріс 75 те 25% қатынаста GGG пайдасына бөлінуі керек еді. Бірақ Джейкобстың командасы сыйақы 60 та 40 пайыздық қатынаста бөлінсін деп талап етіп отыр.

Бұл жекпе-жек Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында 10 желтоқсан күні өткізлімекші еді, бірақ сейсенбі күні Том Леффер Дэниел Джейкобспен болатын жекпе-жектің келесі жылы өтетінін айтты.

" WBA Дэниелмен қайтсеңдер де, жекпе-жекке шығыңдар деп отыр. Генадий — қазіргі заманғы бокс әлеміндегі ең белсенді чемпион. Бірақ мұндай жағдайларға тап болғанда, келіссөздер өте көп уақыт алады. Осындай маңызды жекпе-жектер көп дайындықты қажет етеді, сол себепті біз 10 желтоқсанға дейінгі уақыт тым тығыз деп шештік. Сол себепті жекпе-жекті 2017 жылға қалдырдық", — деді GGG промоутері.


Басты тақырыптар