Спорт

Аршавин 2017 жылы "Қайрат" құрамында қалады

© Photo : "Қайрат" ФК "Вконтактедегі" ресми парақшасы"Қайрат" - "Астана" матчы 16.10.2016
Қайрат - Астана матчы 16.10.2016 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей құрамасының бұрынғы капитаны Андрей Аршавин алматылық клуб құрамында 2016 жылы 36 матчта ойнап, 11 гол соқты.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik.  Алматы футбол клубы "Қайрат" сәрсенбі күні жартылай шабуылшы Андрей Аршавиннің 2017 жылғы маусымда қазақстандық клубы құрамында ойын көрсететінін мәлімдеді.

"Аршавинмен жасалған келісімшарт ұзартылды: ол "Қайрат" футбол клубы құрамында 2017 жылдың соңына дейін ойнайтын болады", — делінген алматылық команданың ресми сайтындағы хабарламада. 

Атырау - Қайрат матчы 05.11.2016 - Sputnik Қазақстан
Спорт
Аршавин: "Қайрат" құрамында қалуым клубтың өзіне байланысты

Ресей құрамасының бұрынғы капитаны мен "Қайрат" басқармасы биыл көктемде "1+1" схемасы бойынша келісімшарт жасасқан еді, яғни осы маусым аяқталғаннан кейін тараптардың келісімді тағы бір жылға ұзартуға мүмкіндігі бар. 

Алматылық клуб сапында Аршавин  36 матчта ойнап, 11 мәрте гол соққан.   

Жаңалықтар
0