Спорт

"Жібек жолы" раллиінің шабандоздары тағы да Қазақстан арқылы өтеді

© РИА Новости. Егор АлеевЖібек жолы раллиі
Жібек жолы раллиі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық марафон Қазақстан территориясы арқылы екінші рет 2017 жылы 7 және 23 шілде аралығында өтеді.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik.  Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Жібек жолы" халықаралық раллиі ұйымдастырушыларымен 2017 жылы Қазақстанда өтетін марафон туралы ақылдасты деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

"Бұл Ресей, Қазақстан және Қытай арасындағы алғашқы ауқымды акция, табысы мол, жұртшылықтың назарында жүрген оқиға. Бүгінде Ұлы Жібек жолы арқылы өтетін ралли – спорттық реалиялар", — деп атап өтті Мұхамедиұлы.

Бұл жарыстың Қазақстандық кезеңін 2017 жылы 7 және 23 шілде аралығында Мәскеу-Астана-Пекин маршруты бойынша өткізу жоспарланып отыр.

2017 жылы ралли маршруты ҚР территориясында Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласы арқылы өтеді.

Жаңалықтар
0