21:12 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Санкт-Петербургте өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты

ҚР төрт боксшысы жастар арасындағы ӘЧ 1/2 финалына шықты

© Foto: AIBA
Спорт
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Қазақстандық боксшылар қатысатын төрт жартылай финалдық жекпе-жек сенбі күні 26 қарашада өтеді.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik.  Төрт қазақстандық боксшы сәрсенбі күні әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалдарына шықты деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Ширек финалдық жекпе-жектерде 81 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов ирландтық Крис О’Рейлді 5:0 есебімен ұтты, Бек Нұрмағамбет (75 килограммға дейінгі) дәл сондай есеппен америкалық Никита Абабиді жеңді, Саматәлі Толтаев (56 килограммға дейінгі) түрік спортшысы Ихсан Алагасты ұтты.

  • Санкт-Петербургте өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты
    Санкт-Петербургте өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты
    © Foto: AIBA
  • Санкт-Петербургте өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты
    Санкт-Петербургте өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты
    © Foto: AIBA
1 / 2
© Foto: AIBA
Санкт-Петербургте өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты

Қазақстандық Садриддин Ахмедов (69 килограммға дейінгі) үшінші раундта қырғыз боксшысы Айбек Ақылбек Уулын нокаутқа түсірді. Сенбі 26 қарашада өтетін жартылай финалдарда Толтаев австралиялық Сэм Гудманға қарсы, Бек Нұрмағамбет неміс спортшысы Везир Агирманға қарсы жекпе-жекке шығады. Ал, Бекзат Нұрдәулетов украиналық Роман Савицкиймен қарсыласады.

Санкт-Петербургте өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты
© Foto: AIBA
Санкт-Петербургте өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты

Басты тақырыптар