18:47 20 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.43
  • EUR420.11
  • RUB5.58
Алексей Ни

Ауыр атлетикадан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Ни қызметтен кетті

© Foto: Официальный сайт Федерации тяжелой атлетики РК
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Дисквалификация мен ОО медальдерінен айыру (10)
29 0 0

Алексей Ни 22 жыл бойы құрамаға басшылық етіп, олимпиадашылардың алты буынын жаттықтырған.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Алексей Ни ауыр атлетикадан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті деп хабарлады ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Танымал маман Қазақстан құрамасын 1994 жылдан бері басқарып келеді. Оның жетекшілігімен ұлттық команда алты Олимпиада ойындарына қатысты.

Алексей Нидің қызметтен кету себептері туралы федерация ештеңе айтқан жоқ.  Бұл шешім Қазақстан спортшыларына қатысты допинг даулардың аясында қабылданып отыр. 

ХОК қазақстандық алты ауыр атлеттің медальдерін қайтарып алды. Соңғы деректер бойынша, Илья Ильиннің 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиадалардағы нәтижесі жойылған еді. Одан бөлек, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Ирина Некрасова және Мария Грабовецкая медальдерінен айырылып қалды.

Тақырып:
Дисквалификация мен ОО медальдерінен айыру (10)
Загрузка...

Басты тақырыптар