Спорт

Қазақстан азаматы жастар арасында бокстан әлем чемпионы атанды

© Photo : AIBAСанкт-Петербургте өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты
Санкт-Петербургте өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
69 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде 17 жасар Шымкент тумасы Садриддин Ахмедов жастар арасында бокстан әлем чемпионы атанды.

АСТАНА, 27 қар – Sputnik. Финалдық жекпе-жекте Ахмедов украиналық Павел Гуляны 4:1 есебімен ұтты деп хабарлайды қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Спортшы жекпе-жек барысында шабуылды үдетіп, қай жағынан алғанда да қарсыласынан басым көрінген.

Садриддин 8 жасынан бастап бокспен шұғылданып келеді, бапкері Мәулет Мұстафин. Жетістіктерінің ішінде ең елеулісі – 2011, 2014, 2015 және 2016 жылдардағы Қазақстан чемпионы атағы.

Санкт-Петербургте қазақстандықтар күміс жүлделерге де қол жеткізді – 56 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Саматәлі Толтаев финалда америкалық Марк Кастродан ұтылып қалды, ал 75 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде – Бек Нұрмағамбет финалда Вильям Хатчисоннан жеңіліс тапты. Бекзад Нұрдәулетов қола жүлдегер атанды. 

Жаңалықтар
0