Спорт

Айсұлтан Назарбаев атасынан ҚФФ басшысының қызметін сұрамағанын мәлім етті

© Photo : Фото со страницы в FacebookАйсұлтан Назарбаев
Айсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айсұлтан Назарбаев билікке ұмтылмайтынын және атасынан Қазақстан футбол федерациясы басшысының қызметін сұрамағанын мәлім етті

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Қазақстан президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев Facebook желісіндегі өзінің парақшасында Қазақстан футбол федерациясына қатысты кезекті пост жариялады. 

Талдыкөл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Әкімдік: Астанадағы Талдыкөлді тазарту қыркүйекте аяқталады

Бұдан бұрын Айсұлтан футбол федерациясының жұмысын бірнеше рет сынға алған. Атап айтқанда бұрынғы басшысы Ерлан Қожағапанованы. Қазақстан футбол федерациясын басқаруға дайын екенін де мәлімдеген.

 "Иә, мен қазақстандық футболдың жетекшісі емеспін… Мұндай әңгімені мен туған атаммен де жүргізген жоқпын! Мәселе көкіректікте емес, билікке ұмтылу мен көрсетімді сәттілікте де емес. Мен олар секілді емеспін. Мен үшін абырой мен намыс – басты құндылық", — деп жазды Айсұлтан Назарбаев. 

2014 жылғы желтоқсаннан бері ҚФФ басқарған Ерлан Қожағапанов 2016 жылғы қазанда қызметтен кетті. Бірнеше күн бұрын, 28 қарашада футбол федерациясының басшысы қызметіне КСРО құрамасы мен "Қайраттың" бұрынғы қорғаушысы Сейілдә Байшақов тағайындалды. 

Жаңалықтар
0