Спорт

"Алтын доп": Роналду Мессиге жақындады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуКриштиану Роналду
Криштиану Роналду - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Португалдық Криштиану Роналду өз мансабында төртінші рет France Football журналы тағайындайтын күнтізбелік жылдың үздік футболшысы наградасының жеке иегері атанды.

АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Дмитрий Покидаев. France Football журналистері Астана уақытымен дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні португалдық Криштиану Роналдуны аяқталуға жақын күнтізбелік жылдың Еуропада өнер көрсететін үздік футболшысы деп таныды.

Португалия құрамасының капитаны үшін бұл "Алтын доп" оның мансабында төртінші болды. Бұрындары ол Еуропада 2008, 2013 және 2014 жылы үздік деп танылған. Осылайша, осы түні мадридтық "Реалдың" ойыншысы наградалардың саны бойынша таза төртінші орынға көтерілді.

Тізімде ол француз Мишель Плантини, голландиялықтар Йохан Кройф пен Марко ван Бастен секілді футбол алыптарын артта қалдырды. 

Аталған үшеуі де "Алтын допты" үш реттен иеленген. Айта кететіні Платинидің, әзірге Роналду қол жеткізе алмаған жетістігі бар: өткен ғасырдағы 80-ші жылдарының аңыз адамына айналған француз өзінің үш "Алтын добын" 1983-1985 жылдарында қатарынан алған.

Бұл жетістікке әзірге Роналдуның қарсыласы – аргентиналық Лионель Месси ғана қол жеткізген. Ол "Алтын допты" төрт жыл қатарынан 2009-2012 жылдары иеленген. Тағы бір бесінші "Алтын допты" аргентиналық 2015 жылы иеленген. 


Жаңалықтар
0