Спорт

Қазақстанның хоккей бойынша құрамасы Еуро кубогының екінші жеңісіне жетті

CC0 / / Хоккей, шайба
Хоккей, шайба - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның хоккей бойынша құрамасы Оңтүстік Кореялық қарсыластарын 4:2 есебімен жеңді.

АСТАНА, 17 жел – Sputnik. Қазақстанның шайбалы хоккей бойынша ұлттық құрамасы жұма күні Еуро кубогында екінші жеңісіне жетті. 

Оңтүстік Кореяға қарсы мачта қазақстандықтар 4:2 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы кезеңде қазақстандық Константин Савенков және оңтүстік кореялық Сангву Син шайба алмасты. Екінші жиырма минутта Константин Савенков пен Иван Степаненко кәрістердің қақпасын жайратты. Ойынның үшінші бөлігінде қазақстандық Ярослав Евдакимов шайба салды. 

Бұған дейін қазақстандық құрама Украина құрамасын 5:1 есебімен жеңген. 


Жаңалықтар
0