Спорт

"Дакар-2017" күтпеген жерден аяқталуы мүмкін

© Photo : Пресс-служба Astana MotorsportsAstana Motorsports
Astana Motorsports - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Дакар-2017" ұйымдастырушылары күтпеген ауа райы жағдайына байланысты жарыстың жалғасуы туралы мәселені шешуде

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Жексенбі 8 қаңтарда "Дакар" қатысушылары шектен тыс жауған жауын-шашынның кесірінен аламан бәйгеге түсе алмады деп хабарлады Astana Motorsports қазақстандық командасының баспасөз қызметі.

Astana Motorsports - Sputnik Қазақстан
Спорт
Astana Motorsports экипажы "Дакар" ІІІ кезеңінде өз санатында үшінші орында

Жарыс керуені Боливия астанасы Ла-Пасқа аттанды, онда салтанатты подиум өтіп, Болиявия президенті Эво Моралес қатысушыларды өзі жеке қарсы алды. 

"Бұл бір ерекше ел. Қуанышымыз қойнымызға сыймай жүр. Футбол чемпионатында да осылай қолпаштайтын шығар. Президентпен кездескеннен соң, подиумда бізге кока жапырақтарынан венок тақты. Бәрі "Браво!" деп айғайлап, суретке түсуге шақырады, көлікті қоршап алып, жүргізбей қояды. Боливия өте қонақжай ел екен", — дейді Astana Motorsports жүргізушісі Денис Березовский алған әсерімен бөлісіп.

© Flickr / Astana Motorsports баспасөз қызметі Astana Motorsports командасының Боливия президентімен кездесуі
 Astana Motorsports командасының Боливия президентімен кездесуі - Sputnik Қазақстан
Astana Motorsports командасының Боливия президентімен кездесуі

"Ауа райының қолайсыздығына қарағанда, жаңбыр алдағы күнде толастай қоймайды. Ұйымдастырушылар не істерін білмей дал болып жүр. Тезірек шешім қабылдау керек – әрине, жарысты тоқтатқысы келмейді, бірақ әрі қарай жалғастыру да қауіпті. Ұйымдастырушылардан бір жаңалық күтіп отырмыз", — дейді Astana Motorsports капитаны Артур Ардавичус.

Жаңалықтар
0