04:16 20 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Сауль Канело Альварес

БАҚ: Канело тағы да GGG-дан қашып кетті

© AP Photo / Eric Jamison
Спорт
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес өткен жылы мамыр айында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жектен бас тартып, WBC белдігін "сыйға тартқан" еді

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварес әлем чемпионы, бес чемпиондық белдіктің төртеуін иеленген қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектен тағы да қашып кетпекші деп жазады Fightnews.com сайты.

Былтыр жыл соңында Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер екі жақтың мәмлеге келіп, жекпе-жекті 2017 жыл күзде өткізетінін мәлімдеген болатын. Алайда қазір батыс басылымдарының жазуына қарағанда, Канело басқа бір қазақстандық – Қанат Исламға қарсы жекпе-жекке шықпақшы. Бұл кездесуде жүлдеге Әлемдік бокс ұйымының бірінші орташа салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық белдігі тігілген. Альварес пен Исламның жекпе-жегі 6 мамырда Техастағы "Даллас Ковбойз" стадионында өтуі мүмкін. 

Геннадий Головкин әзірше америкалық Дэниэль Джейкобсқа қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр. 10 қаңтар күні кездесу өтетін аренада өткен баспасөз конференциясынан соң екі боксшы көзқарас дуэлін өткізді.

Басты тақырыптар