08:19 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Геннадий Головкин

Головкиннің сұхбаты: қарсыластардан қорықпаймын

© Foto: Официальный сайт WBA
Спорт
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Орташа салмақ дәрежесі бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің рингке шығарда қарсыласынан тайсалған кезі болмапты

АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Орташа салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Power радиостанцисяндағы The Breakfast Club бағдарламасына берген сұхбатында қарсыластарымен арақатынасы жайлы сөз қозғады.

"Ринге қорқып шыққан кезім болды ма дейсіз бе? Жоқ, ещқашан болған емес. Керісінше, маған қызық, бокстасқанды жақсы көремін. Жекпе-жекті естен кетпестей қызық өткізуге болатынын түсінемін. Бұл мен үшін, ең әуелі, спорт", — деді Головкин.

Головкин кез келген боксшымен жұдырық түйістіруге дайын екендігін айтты. "Кез келген боксшымен келіссөз жүргізуге әзірмін. Қазір жағдайым қиындап кетті. Бәрі: "Мен мықтымын, күштімін, саған қарсы шығуға дайынмын", — дейді, ал мен "Контракт берейін, қол қой" деп жауап беремін. Бітті. Содан кейін – ешкім жоқ. Ешкім қол қоймайды", — дейді ол. 

Жақында жарияланған мәліметке сәйкес, Канело Головкинмен емес, Қанат Исламға қарсы бірінші орташа салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шығуы мүмкін.

"Меніңше, Канеломен бокстасуым керек: бұл үлкен есім, қомақты сыйақы, орташа салмақта кімнің мықты екенін бәрі білуі тиіс. Бұл өте күрделі жекпе-жек, шын мәнісінде, тарихи деуге болады. Осы жекпе-жекке шыққым келеді", — деді қазақстандық.

Басты тақырыптар