16:52 06 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Универсиада-2017 (26)
20 0 0

Универсиада күндері көрермендерді спорт нысандарына 555 автобус тасымалдайтын болады

АСТАНА, 19 қаң — Sputnik. Универсиада шараларын өткізуге байланысты Алматыда бірқатар учаскелерде жеке көлік қозғалысына шектеулер қойылады. Ал қоғамдық көлік белгіленген кесте бойынша жүреді.

Алау эстафетасы

Жексенбі күні, 29 қаңтарда Алау эстафетасы мына бағыттар бойынша өтеді деп жоспарланған: Әл-Фараби атындағы ҚҰМУ – Тимирязев көшесі – Манас көшесі – Абай даңғылы — Сейфуллин даңғылы – Гоголь көшесі – Сейфуллин даңғылы – Төле би көшесі – Достық даңғылы – Абай даңғылы – Байтұрсынов көшесі — Сәтпаев көшесі – Достық даңғылы – Республика алаңы.
Бұл бағыттар бойынша көлік қозғалысы сағат 10.00 ден 14.00-ге дейін шектелетін болады.
Алау эстафетасы көшелердің басым бөлігімен өтетіндіктен автобус бағыттары өзгермейді. Автобустар Алау эстафетасы өтетін бірқатар жерлерде тоқтатылады. Осылайша, жоғарыда аталған учаскелерде әр бағыт бойынша көліктер орташа 5-10 минут қана кідіреді.
Алау эстафетасы бағдары
© Photo : Алматы әкімшілігі ұсынған
Алау эстафетасы бағдары

Ашылу және жабылу салтанаттары

Универсиада ашылатын 29 қаңтар мен ойындар аяқталатын 8 ақпан күндері "Алматы Арена" стадионына көрермендер мен қонақтарды жеткізуге ерекше мән беріледі. Арнайы бағыттар бойынша біржақты жолақысы 100 теңгені құрайды:
1. Орталық Стадион — "Алматы Арена"
2. Астана алаңы (ҚБТУ) — "Алматы Арена"

Жарыс күндерінде

Жарыстар өтетін күндері көрермендерді спорт нысандарына тасымалдау үш нүкте арқылы атқарылады: Орталық Стадион, "Саяхат" автобекеті, Алматы-1 теміржол вокзалы.
Бұлардан өзге, көрермендерді жарыстар өтетін жерлерге бұрынан қатынап жүрген 555 автобустар жеткізетін болады:

1. Орталық Стадионға дейін – 17 бағыт, 282 автобус;

2. Шаңғы трамплині кешеніне дейін – 3 бағыт, 88 автобус;

3. "Алматы Аренаға" дейін – 4 бағыт, 55 автобус;

4. "Халық Аренаға дейін" – 5 бағыт, 112 автобус;

5. "Медеу" мұз айдынына дейін – 2 бағыт, 18 автобус;
Универсиада дирекциясы айтып өткендей, Ойындарға қатысушыларға (спортшылар, төрешілер, техникалық делегаттар және басқалары) 519 көлік бірлігі қызмет көрсетеді.
"Біз негізгі және альтернативті бағыттарды жасадық, қозғалыс хронометражы есептелді, полиция көлігінің еріп жүруі жоспарланған. Басты мақсат – қалалықтардың күнделікті өміріне еш кедергі келтірмей, Унивесриаданың тиімді және жайлы логистикасын қамтамасыз ету", — деп атап өтті Универсиада дирекциясы.
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына, кімде-кім Универсиада өтіп жатқан кезде жеке көлігін пайдаланғысы келсе, онда   FISU-дің талаптарына және дүниежүзілік парктикаға сай түрлі шаралар өтіп жатқан жердің айналасында 500 метрлік қауіпсіздік аймағының барын есте сақтаулары тиіс. Сондықтан, жеке көлік иелері сауық-сауда кешендері маңындағы тұрақтарға көліктерін қалдырып, әрі қарай қоғамдық көлікпен спорт нысандарына бара алады.
Көрермендерді Универсиадаға жеткізу
© Photo : Алматы әкімшілігі ұсынған
Көрермендерді Универсиадаға жеткізу
Тақырып:
Универсиада-2017 (26)
Загрузка...

Басты тақырып