11:12 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Универсиада-2017 (26)
65 0 0

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Универсиаданың өтуінің маңыздылығын атап өтіп, алауа эстафетасын бастады

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін Әлемдік қысқы универсиада-2017 алау эстафетасын Астанада бастады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Дәл қазір біз Алматыда 29 қаңтар күні ашылатын 28-ші Әлемдік универсиада алауын жағамыз. Мұндай көлемдегі әлемдік жарыстар Қазақстанда алғаш рет өткелі отыр. Бұл кез келген елдің қолынан келмейді, бірақ таңдау Қазақстанға түсті, сол себепті бұл жарысқа абыроймен дайындалып, абыроймен өткізетіндігімізге сенімдімін", — деді Назарбаев алау жағу салтанатында.

Қалалық әкімшіліктің мәліметінше, эстафета сағат 11.00-де Назарбаев Университетінде басталып, қалалық әкімшілік алаңында мәресіне жетеді. 60 стундент пен елордалық жас спортшылар алауды ұстайтын болады. Олардың арасында танымал спортшылар Василий Левит, Мадияр Ибраимбеков және Мөлдір Мергенбаева бар. 

Тақырып:
Универсиада-2017 (26)
Загрузка...

Басты тақырып