11:42 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Универсиада-2017 (26)
30 0 0

Қазақстан және Қытайдың ерлер хоккей құрамалары арасындағы топтық кезеңнің матчы бірінші ойын күнінің ең нәтижелісі болды

АСТАНА, 29 қаң — Sputnik. Дмитрий Покидаев. Қазақстанның ерлер құрамасының хоккейшілері Универсиаданың топтық кезеңінің алғашқы матчында Қытай құрамасының қақпасына 22 жауапсыз шайба кіргізді. 

Қазақстан құрамасында бұл мачта ең нәтижелісі бес гол соққан Артем Бурделев болды. Хет-трикті Алихан Ассетов ұйымдастырды. Есеп ойынша дубльдерді Антон Сагадеев, Дмитрий Гренц, Кирил Савицкий, Михаил Рахмнов жасады. 

Владимир Гребенщиков, Владислав Никулин, Алексей Анциферов, Иван Степаненко, Константин Савенков және Ярослав Евдокимов бір шайбадан кіргізді. Хоккей матчының ұзақтығын (60 минут таза уақыт) ескерер болсақ, қазақстандықтар Қытай қақпасына әр үш минутта шайба кіргізген. 

Келесі матчты Қазақстанның ерлер құрамасы сейсенбі, 31 қаңтар күні Швеция командасымен ойнайды. Шведтер дүйсенбі күні Чехия құрамасымен ойнайды. 

Қазақстанның ерлер құрамасы 1995 жылғы Универсиадада алтын медаль алған. 1993, 2013 және 2015 жылдары күміс жүлдегер атанып, 2007 жылы қола медальге қол жеткізген. 


Тақырып:
Универсиада-2017 (26)
Загрузка...

Басты тақырып