17:16 06 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Универсиада-2017 (26)
79 0 0

100 алау алып жүрушілердің әр қайсысы 130-дан 200 метрге дейінгі дистанцияны жүріп өтеді

АСТАНА, 29 қаң – Sputnik. Алматыда алау эстафетасының кульминациялы кезеңі басталды – қысқы студенттік ойындардың елордасында Универсиада-2017 алауы жанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Алғашқы болып Универсиада алауын қала әкімі Бауыржан Байбек алып өтті. Спортшылар мен қала тұрғындарын FISU президенті Олег Матыцин құттықтады. 

"Универсиада алауы алдын ала жоспарланған 20 шақырымдық бағыт бойынша өтеді. Факелді қаланың ірі спорт нысандары – "Шымбұлақ", "Медео", Балуан Шолақ атындағы сарайының алдында алып өтеді.

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин қысқы Универсиада-2017 алауының эстафетесында
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин қысқы Универсиада-2017 алауының эстафетесында

Эстафета Универсиаданың ашылу салтанаты кезінде "Алматы Арена" стадионында мәресіне жетеді. 100 алау алып жүрушілердің әр қайсысы 130-дан 200 метрге дейінгі дистанцияны жүріп өтеді.

Универсиада алауын алып жүру құрметті құқығына қоғам қайраткерлері, танымал спортшылары мен құрметті қала тұрғындары ие болды. 

Универсиада-2017 алауының эстафетасы Алматыда
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Универсиада-2017 алауының эстафетасы Алматыда

Алауды Ұлттық университет алаңымен алып өткен Бауыржан Байбек оны Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге табыс етті. "Достық" спорт кешені маңында алауды қазақстандық танымал грек-рим күресінің балуаны Дәулет Тұрлығанов алды.

Танымал қазақстандық кинорежиссер Ақан Сатаев Сидней олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигинамен бірге Универсиада алауын Достық көшесі бойынан алып өтеді.

  • Универсиада-2017 алауының эстафетасы Алматыда
    Универсиада-2017 алауының эстафетасы Алматыда
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
  • Универсиада-2017 алауының эстафетасы Алматыда
    Универсиада-2017 алауының эстафетасы Алматыда
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
1 / 2
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Универсиада-2017 алауының эстафетасы Алматыда

Алау эстафетасын Қазақстанның конькимен жүгіру спортынан тұңғыш спорт шебері, КСРО еңбек сіңірген бапкері Май Хван да алып жүреді. Отандық спорт ардагері мен құрметті алау тасушы қаланың орталық көшелерінің бірі – Абай даңғылы бойынан жүгіріп өтеді.  

Содан кейін алау эстафетасы Универсиада нысандары – жоғары таулы "Медеу" айдыны мен "Шымбұлақ" тау шаңғы шипажайында жалғасады. Ол жерде алауды қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Елен Хрусталева мен альпинист Мақсұт Жұмаев алып өтеді.

Эстафета бүгін "Алматы-Арена" стадионында мәресіне жетеді. Онда Қазақстанның 16 өңірінің өкілдері бірге 28-ші Қысқы ойындарының ашылу салтанатында Алау тостағанын жағады. 


Тақырып:
Универсиада-2017 (26)
Загрузка...

Басты тақырып