Спорт

Қазақстанның Универсиададағы алғашқы медалі: күміске екі секунд жетпей қалды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАнна Шевченко
Анна Шевченко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Қысқы Универсиададағы алғашқы медалі шаңғышы Анна Шевченконың қола жүлдесі болды

АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Қазақстанның ұлттық құрамасы дүйсенбі күні Алматыдағы қысқы Универсиадада алғашқы медаліне қол жеткізді.

Универсиада-2017 ашылу салтанаты - Sputnik Қазақстан
Фото
Универсиада-2017 ашылу салтанаты таң-тамаша қалдырды

Жеке стартта бес шақырымдық қашықтықта қыздар арасында қазақстандық Анна Шевченко қола жүлдеге ие болды. Ол мәреге 14 минут 23,8 секундта жетті.

"Жол өте күрделі, оның үстіне ауа райы да әсер етті: күн шығып, қардың құрылым өзгерді, бірақ, бастысы, шаңғым жақсы жүрді", — дейді Шевченко тілшілерге. 

Спортшының айтуынша, жарыста бар мүмкіншілігін пайдаланып, жақсы өнер көрсетті, алайда қашықтықтың екінші жартысында жоғалтып алған екі секундының салдарынан үшінші орынға сырғуына "өкінгендігін" жасырмады. 

Жаңалықтар
0