Спорт

Универсиада-2017: Шевченко екі дүркін қола жүлдегер атанды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАнна Шевченко
Анна Шевченко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық шаңғышы бес шақырымдық қашықтықта тағы да Анна Нечаявская мен Лилия Васильеваны алға жіберіп алды

АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Сейсенбі күні Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиадада бес шақырым қашықтық бойынша екінші қола жүлдеге ие болды.

Жанбота Алдабергенова. - Sputnik Қазақстан
Спорт
Универсиаданың фристайл-акробатикасы Қазақстанға екі медаль әкелді

Сейсенбі күні қапалаған қар астында қыздар арасында бес шақырымдық шаңғы жарысы өтті. Шевченко мәреге үшінші болып жетті, ол жеңімпаз атанған ресейлік Анна Нечаявскаядан 21,3 секундқа қалып қойды. Екінші орынды ресейлік шаңғышы Лилия Васильева иеленді, ол қазақстандық қыздан 3 секундқа озып кетті.

Бұдан бұрын дүйсенбі күні Шевченко бес шақырымдық жеке жарыста үшінші орынға қол жеткізген болатын, сол кезде де алтын және күміс жүлдені ресейлік шаңғышылар иеленген еді. 

Жаңалықтар
0