Спорт

Қар мен тұман: Универсиада жарыстары ауа райы қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұман мен қардың салдарынан бірнеше спорт түрінен жарыстар болмай қалды

АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Алматыны тұман басып, қапалақтап жауған қар толастар емес. Ауа райы қолайсыздығына байланысты Универсиада ұйымдастырушылар тезірек шешім қабылдауға мәжбүр болды: қазіргі уақытта қыздар арасында біріктірілген слалом-гигант жарысы мен трамплиннен секіру жарыстары кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, ерлер арасында сноуборд және трамплиннен секіру жарыстары шегерілді.

Универсиада кестесіне, "Қазгидрометтің" хабарлауынша, жауын-шашын, жел мен тұман ала келген оңтүстік циклон ықпалын тигізді. Бұл ауа райы екі күнге созылуы мүмкін деп болжанады.  

Жаңалықтар
0