Спорт

Универсиада-2017: Вишневская Қазақстанды қайтадан екінші орынға шығарды

© Photo : https://almaty2017.comГалина Вишневская
Галина Вишневская - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық биатлоншылар әзірше бірде-бір алтынды қарсыластарына берген жоқ

АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишевсакя бейсенбі күні қысқы Универсиадада 7,5 шақырымдық спринтте алтын жүлдеге қол жеткізді.

Қысқа қашықтықта Вишневская бар болғаны бір-ақ рет қателесіп, жарысты 21 минут 43,1 секундта аяқтады. Мәреге екінші болып жеткен украиндық Яна Бондарь қазақстандық арудан 22,8 секундқа қалып қойды, ал қола жүлдеге ресейлік Анастасия Егорова ие болды.

Осы жарсытан соң Универсиадада жалпы медалдер саны бойынша Қазақстан қайтадан екінші орынға шықты – Вишневскаяның алтын медалі бұған себепкер болды, өйткені Қазақстан Жапониядан алтын жүлде саны бойынша ғана озып кеткен. 

Жаңалықтар
0