Спорт

Универсиада-2017: Галышева фристайлдан алтын жүлдегер атанды

© Photo : https://almaty2017.comЮлия Галышева
Юлия Галышева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның студенттер құрамасы жалпыкомандалық жарыстар нәтижесінде бейсенбі күні екінші орынға мықтап табан тіреді

АСТАНА, 2 ақп – Sputnik.  Қазақстандық Юлия Галышева бейсенбі күні қазақстан құрамасына фристайлдан алғашқы, жалпы есепте төртінші алтын медалді әкелді.

Галина Вишневская - Sputnik Қазақстан
Спорт
Универсиада-2017: Вишневская Қазақстанды қайтадан екінші орынға шығарды

"Могул" жарысында Галышева 73,80 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды ресейлік Анастасия Первушина 61,13 ұпаймен, үшінші орынды Австрия спортшысы Катарина Рамзер 52,05 ұпаймен иеленді.

Бұдан бұрын бейсенбі күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен байыған еді, биатлоншы Галина Вишневская 7,5 шақырымдық жарыста топ жарған болатын.

Жаңалықтар
0