16:10 06 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Универсиада-2017 (26)
28 0 0

Қазақстандық студенттер құрама командасының қоржынында 10 алтын, 4 күміс және 10 қола жүлде бар

АСТАНА, 6 ақп — Sputnik. Қазақстандық үш шаңғышы қыз – Анна Шевченко, Ольга Мандрика және Ирина Быкова дүйсенбі күні 3х5 шақырымдық командалық эстафетада күміс медалге ие болды. 

Қазақстандықтар үш кезеңде де ресейлік әріптестерінің соңынан екінші болып ілесті. Үшінші орынды жеңімпаздардан 2 минутқа қалып қойған француз арулары иеленді. 

Қазақстандық шаңғышы Шевченко үшін бұл медаль осы Универсиададағы төртінші жүлде. Сонымен Қазақстан құрамасы қоржынындағы 10 алтын, 4 күміс және 10 қоламен жалпы есепте екінші орында тұр. Ал, бірінші болып Универсиадада 20 алтын, 20 күміс және 12 қола иеленіп үлгерген Ресей құрамасы келе жатыр. Үшінші орын кәрістерге тиесілі: 7 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль.    

Тақырып:
Универсиада-2017 (26)
Загрузка...

Басты тақырып