Спорт

Қазақстандық боксшы қыздар Швециядағы Golden Girl турнирінен 11 медалмен оралды

© Photo : Казахстанская федерация боксаБоксшы Надежда Рябец
Боксшы Надежда Рябец - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарысқа 22 елден барлығы 254 спортшы қатысты

АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Швециядағы Бурос қаласында Golden Girl атты қыздар арасындағы бокс турнирі өтті, біздің арулар бұл жарыста 11 медалге қол жеткізді деп хабарлайды ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Рой Джонс - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бокс аңызы Рой Джонс: бесбармақ, Головкин және өмірлік ұстанымы туралы

Қазақстан құрамасы бұл жарысқа бірінше рет қатысып отыр. 22 елден келген 254 спортшы арасында өткен турнирде қазақстандықтар үш алтын, екі күміс және алты қола жүлде жеңіп алды. Біздің қыздарды қолдауға Сидней Олимпиадасының чемпионы, Олимпиадаға дайындау орталығының басшысы Ермахан Ибаримов бірге барған екен. 

 Golden Girl турниріндегі бірінші алтынды 15 жасар Елдана Талипова ұтты. Жас спортшы Лорен Райан есімді ирландық қарсыласын бірінші раунда жеңген – төрешілер жекпе-жектің 90-шы секундында жеңіс Елданада екендігін мәлімдеді. Сонымен қатар, Надежда Рябец пен Гузаля Садықова. 

Жаңалықтар
0