Спорт

Универсиаданың хоккей финалы: Қазақстан жеңіс үшін күреседі

Жазылу
Алматыдағы қысқы Универсиаданың хоккей жарысындағы ақтық матчта Қазақстан мен Ресей құрамалары бақ сынасады

АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Қазақстан құрамасы сейсенбі күні Алматыдағы қысқы студенттік ойындардың финалситі атанды, жартылай финалда Чехия командасын 4:1 есебімен ұтқан болатын.

конькимен жүгіру - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан Универсиаданың жалпы есебінде екінші орын алды

"Біз Ресей мен Канада арасындағы матчтың бейнежазбасын қарап, қарсыласты зерттейміз, бұл финалда жалғыз жол – жеңіс. Бұл Қазақстан үшін үшінші финал, қайтсек те жеңу керек!" – деді команданың бас бапкері Сергей Старыгин. 

"Бірінші минуттан бастап шабуылды үдету керек, уақыт созудың қажеті жоқ", — дейді бапкер.

Алтын жүлде үшін матч сәрсенбі 8 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 15.00-де болады. 

Жаңалықтар
0