Спорт

Универсиада: жүзеге аспаған көпшіліктің бағасы – күміс

Жазылу
Қазақстанның ерлер құрамасы үшінші қысқы универсиаданың қатарынан күмісті қанағат тұтып келеді

АСТАНА, 8 ақп – Sputnik. Ресейдің ерлер студенттік құрамасы сәрсенбіде қысқы Универсиада финалында чемпион атағын сақтап қалды 

Универсиаданың ерлер хоккей турнирінің финалында, екі жыл бұрынғы испандық Гранадада секілді Ресей мен Қазақстан кездесті. 2015 жылы ресейліктер қазақстандық мұз дружинасын 3:1 есебімен жеңген, ал Алматыда сәрсенбі күні олар 1:0 есебімен мықтырақ болды. 

Шаңғы жарысы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Малышев шаңғы масс-стартында қола жүлдеге ие болды

Бұл ойында жалғыз голды үшінші кезеңнің екінші минутында Даниил Ильин салды. Бұл ретте Қазақстан құрамасында алғашқы жиырма минуттықтың соңына қарай қатарынан қонақтардың екі ойыншысын шығарған кезде нақты мүмкіндігі болды. Қазақстандық хоккейшілер 30 секундтай үшке бес ойыншы — басымдылықпен ойнады. 

Қазақстан хоккейшілері қысқы Универсиаданың үш ойыны қатарынан күміс жүлдегер атанып келеді. 2013 жылы олар канадалықтардан 2:6 есебімен, ал 2015 жылы 1:3 есебімен ресейліктерге жеңлген.

Алматылық Универсиаданың қола жүлдгерлері Канада хоккейшілері болды. Олар үшінші орынға таласу матчында чехтерді 4:3 есебімен жеңді. 

Қазақстан құрамасы Универсиаданың жалпы есебінде 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальмен екінші орынға ие болды. Универсиада чемпионы болып Ресей құрамасы танылды, олар 29 алтын, 27 күміс және 15 қола жүлдеге ие болды.

 


Жаңалықтар
0