Спорт

Биатлон бойынша ӘЧ: Ресей Қазақстанмен бірге IBU бақылауында

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтутыйым салынған препарат
тыйым салынған препарат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Австриялық Хохфильцинде өтіп жатқан әлем чемпионаты Халықаралық биатлоншылар одағының Ресей және Қазақстан құрамаларына "ерекше назар" аударуының арқасында ең аты шулы болады деген болжам бар

АСТАНА, 11 ақп — Sputnik. Ресейлік биатлоншы Екатерина Глазырина Австриялық Хохфильцинде өтіп жатқан әлем чемпионатының барлық жарыстарынан "уақытша"шеттетілді, деп хабарлайды ресейлік "Спорт-Экспресс" басылымы. Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионаты спорттық күрестерімен емес Халықаралық биатлоншылар одағының жеке спортшыларға да, жалпы құрамаларға да қатысты қабылдап жатқан шешімімен есте қалары анық. 

Сәрсенбі күні кешке Австрия полициясының Хохвильцендегі биатлоннан әлем чемпионаты алдында Қазақстан құрамасы орналасқан қонақ үйге тінту жүргізген болатын. Қазақстан құрамасы жатқан бөлмелер мұқият тексеріліп, көптеген медициналық құрылғылар мен тыйым салынған препараттар табылған еді. Қазіргі уақытта табылған дәрі-дәрмектер Австрияның допингке қарсы ұлттық агенттігіне жіберілді.   

Қазақстандықтарды әлем чемпионатына қатысудан шектеген жоқ. Әзірге сынама нәтижелері белгісіз. Бірақ полицейлер отельде жүргізген тінту, әрине олардың көңіл күйлеріне әсер етті. Нәтижесінде содан кейін бірден өткен командалық аралас эстафетада қазақстандық төрттік он бірінші болды. 

Ал әйелдер арасындағы екі алау шекаралық спринтте қазақстандық Ольга Полторанина 37-ші болып, жеңімпаз чех қызы Габриэла Коукаловадан – 1 минут 41,1 секундқа қалып қойды.


Жаңалықтар
0