Спорт

"Рязань" ХК бас бапкері: "Сарыарқа" үшін тылсым күштер ойнады

© Photo : официальный сайт ХК "Сарыарка" "Рязань" хоккей клубының тәлімгері Алексей Алексеев
Рязань хоккей клубының тәлімгері Алексей Алексеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Рязань" хоккей клубының тәлімгері Алексей Алексеев Қарағандыда Жоғары хоккей лигасының жергілікті "Сарыарқаға" 1:3 есебімен жеңілген матчын тылсым күштердің араласуымен түсіндірді.
Главный тренер ХК "Рязань": за "Сарыарку" сыграли потусторонние силы

Бірінші кезеңде біз қарсыласқа тым аса құрмет таныттық… екінші кезеңде теңестірдік.Үшіншіде шыдадық – есепті теңестірдік, бірақ тылсым күштер араласты, біз оларға қарсы әрекет таба алмадық" – деді Алексеев матчтан кейінгі баспасөз конференциясында. 

"Тылсым күштерінің" араласуы деп, рязандық клубтың бас бапкері "Сарыарқаға" жеңіс әкелген 40 секундта  жіберілген екі шайбаны айтып отыр. Бұл ретте олар финалдық сиренаға екі минуттан аз уақыт қалғанда кіргізілген: 58-ші минутқа дейін есеп 1:1 болатын. 


Жаңалықтар
0