21:02 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Ярослава Шведова

Шведова Qatar Total Open жұптық разрядының финалына шықты

© Sputnik / Алексей Куденко
Спорт
Қысқа сілтеме алу
2 0 0

Дохадағы турнирдің ақтық сынында жеңіске жетсе, Шведова WTA сериясы турнирлеріндегі жұптық разрядтың 14 жүлдесіне ие болады

АСТАНА, 19 ақп — Sputnik. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова украиналық Ольга Савчукпен жұптасып сенбі күні Дохадағы Qatar Total Open турниріндегі жұптық разряд финалына шықты, бұл жарыстың сыйақы қоры 776 мың долларды құрайды.

Жартылай финалда Шведова/Савчук жұбы Мартина Хингис (Швейцария)/ Юнг Чан (Тайбей) командасын ұтты – 3:6, 6:2, 10:6. Финалда қазақстандық-украиналық команда Катарина Среботник (Словакия)/ Эбигэйл Спирс (АҚШ) жұбымен сайысқа түседі.

Ақтық сында жеңіске жетсе, Шведова Шведова WTA сериясы турнирлеріндегі жұптық разрядтың 14 жүлдесіне ие болады. 

Басты тақырыптар