Спорт

Джейкобс Головкинді жеңетініне сенімді

© AP Photo / Rich SchultzДаниэль Джейкобс
Даниэль Джейкобс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекпе-жекке бір ай қалғанда америкалық боксшы Дэниел Джейкобстің салмағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен бес килограмға ауыр

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Америкалық боксшы Дэниел Джейкобс орташа салмақ дәрежесінде төрт чемпиондық белдік иегері қазақстандық Геннадий Головкинді жеңетініне сенімді.

"Геннадий – мықты боксшы, жекпе-жекке қашанда бірнеше жоспары дайын. Қалағанын жоспарлап, мені менсінбесе де, өзі білсін. 18 наурызда бәрі бір мен жеңемін", — депті Джейкобс Boxingscene.com сайтында жарияланған мақалада.

Джейкобс бұл сөздерін 18 наурызда Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында өтетін жекпе-жекке бір ай қалғандағы салмақ өлшеу сәтінен кейін, яғни сенбі күні (Астана уақытымен жексенбі таңертең)18 ақпанда айтқан екен.

Жекпе-жекке бір ай қалғанда Головкиннің салмағы 74,3 килограмм, ал Джейкобстікі – 78,7 килограмм.

Жаңалықтар
0