Спорт

Мухин Қазақстан қоржынына Азиаданың алғашқы алтын медалін салды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуШаңғы жарысы
Шаңғы жарысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы жалпы есепте үш жүлдеге ие болды – бір алтын, бір күміс, бір қола

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Қазақстандық шаңғышы Ринат Мухин сейсенбі күні Саппородағы Азиадада 15 шақырымдық еркін стилді жарысты топ жарып, чемпион атанды.

Архивное фото биатлонисток - Sputnik Қазақстан
Спорт
Коломина Азиадада екінші жүлдеге қол жеткізді

Мухин қашықтықты 41 минут 25,3 секундта жүріп өтті. Мәреге екінші болып жеткен жапон азаматы Наото Баба одан 4,5 секундқа қалып қойды, үшінші орынды Күншығыс елінің тағы бір спортшысы Акира Лентинг иеленді.

Айта кететін тағы бір қызық жайт, төртінші, бесінші, алтыншы орындарды үш қазақстандық иеленді — Сергей Черепанов, Николай Чеботько және Ердос Ахмадиев.

Жаңалықтар
0