Спорт

Ел қоржынына Азиаданың екінші күмісі түсті

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуДенис Кузин
Денис Кузин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы құрлықтық қысқы ойындардың жалпы есебінде төртінші орында тұр

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Қазақстандық конькиші Денис Кузин сейсенбі күні Саппородағы Азиадада 1000 метрлік жарыста екінші орынды иеленді.

Шаңғы жарысы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мухин Қазақстан қоржынына Азиаданың алғашқы алтын медалін салды

Ерлер арасындағы бір шақырымдық аламан додада жапондық Такуро Ода мәреге бірінші болып жетсе, үшінші орынды Күншығыс елінің тағы бір спортшысы Шунсуке Накамура алды.

Кузиннің медалі биылғы Азиадада ел қоржынындағы төртінші жүлде болып отыр. 

Жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы Корея Республикасы командасын екінші орынға ығыстырып, көш бастады. Үшінші орында үш алтын, үш күміс және үш қола иеленген ҚХР тұр. Ал Қазақстан азиялық алпауыт елдерден кейін төртінші болып келеді.   

Жаңалықтар
0