Спорт

Ткаченко ел қоржынына тағы бір қола салды

© REUTERS / Kim Kyung-HoonТрамплин
Трамплин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы қысқы Азиада ойындарының жалпы есебінде төртінші орында

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Трамплиннен секіруші қазақстандық спортшы Сергей Ткаченко сәрсенбі күні Саппородағы қысқы Азиада ойындары аясында "қарапайым трамплин" жарысынан үшінші орынға ие болды.

Шаңғы жарысы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мухин Қазақстан қоржынына Азиаданың алғашқы алтын медалін салды

254 метрлік нәтижеге қол жеткізген жапон Юкия Сато жарыс чемпионы атанса, отандасы Юкен Иваса екінші орынды иеленді, ал қазақстандық спортшы 238 метр көрсеткішпен қола жүлдені иемденді.

Бұл Қазақстан қоржынындағы екінші қола, бұдан бөлек қазақстандық атлеттердің активінде бір алтын, екі күміс медаль бар. 

Жаңалықтар
0