Спорт

Вишневская ел қоржынына тағы бір алтын салды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуГалина Вишневская
Галина Вишневская - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық биатлоншылар бейсенбі күні қыздар және ерлер арасындағы спринтте төрт медалге қол жеткізді

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская бейсенбі күні таңертең Азиада чемпионы атанды.

Биатлон - Sputnik Қазақстан
Спорт
Биатлоншы Савицкий Азиада чемпионы атанды

Биатлоншы аруымыз қыздар арасындағы 7,5 шақырымдық спринтте мәреге бірінші болып жетті: көрсеткіші – 20 минут 32,6 секунд. Екінші орынды иеленген қытайлық Ян Чжан біздің қызымыздан 24,2 секундқа қалып қойған.

Қола жүлдені қазақстандық Алина Райкова қанжығасына байлады. Бір қызығы, үш жүлдегер де оқ ату аралықтарында бірде-бір рет мүлт кетпеген. 

Жаңалықтар
0