Спорт

Вишневская – Азиаданың екі дүркін чемпионы

© Photo : https://almaty2017.comГалина Вишневская
Галина Вишневская - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздар арасында биатлон спринтінің жеңімпазы атанған Галина Вишневская жұма күні пасьют жарысында алтын медалге ие болды

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik.  Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская жұма күні Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды, отандасы – Ян Савицкий ауа райы қолайсыздығы кесірінен дәл сондай жетістікке жете алмады.

Галина Вишневская - Sputnik Қазақстан
Спорт
Вишневская ел қоржынына тағы бір алтын салды

Жақында қыздар арасындағы спринтті жеңіп алған Вишневская жұма күні он шақырымдық пасьют жарысында алға озып, мәреге жеткенше көшбасшылығын сақтап қалды, екінші орынды қытай қызы Ян Жан және қола жүлдені тағы бір қазақстандық аруымыз Дарья Усанова иеленді. 

Ерлер арасындағы дәл осындай жарыста қазақстандық биатлоншы Ян Савицкий мәреге екінші болып жетіп, күміс жүлдегер атанды. Оның айтуынша, тұрып ату кезінде қатты жел соғып, нысананы көздеп атуына кедергі келтірген екен. 

Сонымен Қазақстан құрамасы төрт алтын, бес күміс және алты қола жүлдемен Азиада кестесінде төртінші орында тұр. 

Жаңалықтар
0