Спорт

Фристайлшылар ел қоржынына бір алтын, бір қола салды

© REUTERS / Kim Kyung-HoonДмитрий Рейхерд (справа)
Дмитрий Рейхерд (справа) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы жалпы есепте үшінші келе жатқан ҚХР командасын қуып жетейін деді

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik.  Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд "параллель могул" жарысы бойынша Саппородағы Азиада чемпионы атанды, ал Юлия Галышева есімді спортшы қызымыз осы жарыста үшінші орынды иеленді.

Галина Вишневская - Sputnik Қазақстан
Спорт
Вишневская – Азиаданың екі дүркін чемпионы

Рейхерд ерлер арасындағы финалда оңтүстік кореялық Мюн Чжун Сё-ден озса, қола жүлдені жапондық Икума Хоришима иеленді.

Қыздар арасында осы жарыс бойынша қазақстандық Галышева үшінші және төртінші орынға тартыс кезінде жапон қызы Игр Ариса Муратаны ұтты. 

Сонымен, Қазақстан құрамасы бес алтын, бес күміс және жеті қоламен Азиада кестесінде төртінші орында тұр. Бір саты жоғары келе жатқан Қытай құрамасы қоржынында алты алтын, сегіз күміс және алты қола жүлде бар.

Жаңалықтар
0